«Болат Әбішұлы маңдай терімен өз биігіне өзі жеткен тұлға» - Балтабек Нұрғалиев

Oinet.kz 24-08-2020 2184

Нұрсұлтан Әбішұлына отты жырларын арнап жүрген ақын Балтабек Нұрғалиев Болат Әбішұлын да ерекше құрметтейтіндігін жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz Adyrna.kz порталына сілтеме жасап. 

image.png

- Елбасымыздың ізгі жүректі інісі, қазақтың қайсар ұлы, Алматы облысының құрметті азаматы Болат Әбішұлына «Болат ағам – Бәйтерегім» атты кітап арнағаным рас. «Салиқалы ұрпақ» атты қор құрып, халқына жәрдем қолын созып жүрген жанға жыр жазуымның ешқандай бұрыстығы жоқ. Болат Әбішұлы да өз еңбегінің арқасында, өз білім-білігінің арқасында, ақылымен, алғырлығымен, табандылығымен, бір сөзбен айтқанда, маңдай терімен өз биігіне өзі жеткен тұлға. Әр қазақ азаматы Болат Әбішұлындай болса, еліміздің абыройы биік болмақ. Ол кісі қоғам алдында қадірлі жан. Мен ғана емес, көзі ашық, көкірегі ояу кез-келген жан бұл азаматты құрметтейтіндігіне сенімім кәміл. Қаншама ізгі істерге себепкер болуда - дейді Балтабек Нұрғалиев. 

​Автобус жарға құлап, 17 адам қаза тапты
Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 15 адам қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу