Қазақстандықтардың нәсілі қандай? - әлеуметтік желіде дау туындауда

Oinet.kz 28-08-2020 1161

Әлеуметтік желі пайдаланушылары қазақтар қай нәсілге жатады деген сұрақтың аясында қызу пікірталасқа түсуде, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. 

image.png

- "Егер сіз қазақ болсаңыз, өзіңізді қай "нәсілге" жатқызасыз? Ақ нәсілді? Азиаттық? Әлде ортаазиялық? Мені отбасым Қазақстаннан бағып алған, сол себепті АҚШ-тан тыс аумақтарда бұл туралы не айтатынын білмеймін. Мен өзімді қайсыған жатқызсам болады?" - дейді Reddit қолданушысы. 

Желінің басқа да қолданушылары АҚШ-тан тыс мұндай нәсілдік бөлінушілік жоқ екенін айтуда. Ал АҚШ-тың халық санағы бюросы бойынша қазақстандықтар ақ нәсілге жатқызылады екен. 

- "АҚШ-тың халық санағы бюросы 1997 жылы қабылданған нәсілдік және этникалық қатыстылық бойынша басқару және бюджет стандарттары ережелерін сақтауы керек. Ақ нәсілділерге Еуропадан, Орта Азия және Солтүстік Африка мемлекеттерінен шыққандар жатқызылады", - делінген бюроның ресми сайтында. 

Айта кетейік, АҚШ-та азаматтарды ақ, қара (афроамерикалық), америкалық үндіс немесе Аляскада туған, азиаттық, Гавайида туған немесе Тыных мұхит аралдарында туған деп бөліну қарастырылған. 

​Назарбаева Қазақстанның ең бай әйелі атанды
Назарбаев маңызды жиын өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу