Мемлекет басшысының жаңа Жарлығы бекітілді

Oinet.kz 02-09-2020 1367

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен біршама шенеуніктер жаңа қызметке тағайындалып, қызметінен босатылды, деп хабарлайды Oinet.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

image.png

Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдивтер Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Венгриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Асқар Жеңісұлы Шоқыбаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;

Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. 

Мәжілісте үш депутаттың өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды
Бағдат Мусин цифрлық даму министрі болып тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу