«Мұғалімдерге төленетін үстемақы көлемі белгілі болды» - Аймағамбетов жауап берді

Oinet.kz 02-09-2020 1149

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысын қаншалықты көтеру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. 

image.png

- "Министрлік 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысын 25% -ға өсіруді жоспарлап отыр. Бұл есептеулерді 2023 жылға дейін қаржыландыру аясында қаржы министрлігіне ұсындық", - деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 1 қыркүйектен бастап дәптерлерді тексергені үшін және сынып жетекшілері үшін мұғалімдерге берілетін қосымша төлемдер екі есеге артты.

- "Магистратура үшін мұғалімдер 27 мың теңге көлемінде жаңа қосымша ақы алады. 1 қыркүйектен бастап дәптер тексергені үшін төленетін төлем екі есеге, сынып жетекшілігі үшін төленетін төлем екі есеге артады", - деп қосты Асхат Аймағамбетов.

Жириновский коронавирусқа қарсы екпе жасатты
Министр дәрігерлердің жалақысы қалай көтерілетінін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу