Әлеуметтік желіде аңыз адамдарды қорлаған видеолар тарай бастады (видео)

Oinet.kz 04-09-2020 1279

Әлеуметтік желіде Абай Құнанбайұлы, Шәкірім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов сынды ұлт зиялыларының суреттері пайдаланылған тренд-видео шу туғызды. Желі қолданушылары қазақтың біртуар азаматтарын қорлады деп наразылық білдіруде, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. 

image.png

Әлеуметтік желі пайдаланушысы ұлы ақын Абайдың суретін қолданып, трендке айналған видеомен жариялады. Аз уақыт ішінде мыңдаған көрілім мен пікір жинап үлгерді. Автор видеоны алып тастаудан бас тартып, Абай Құнанбаұлының жеке басын қорлау деп ойламайтынын жеткізді. 

Сонымен қатар, трендке айналған видеода Әлия Молдағұлова, Абылай хан, әл-Фараби сынды ұлы тұлғалардың суреті қолданылған.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі ешқандай қорлау көрмейтінін айтса, енді бірі мұндай бассыздыққа барған адамды заңмен жазалау керек деп пікір жазуда. 

- "Ешқандай қорлау көріп тұрған жоқпын, керісінше, суреттерге жан бітірген. Онда тұрған не бар екен, жалаңаш суретін салған жоқ қой", "Мұнда тұрған не бар екен? Түсінбеймін, онда интернетті мүлде қолданбай, айдалаға барып тұрыңдар", - деп оқырмандар видеодан еш өрескелдік көрмейтіндіктерін жеткізген. 

- "Аңыз адамдармен ойнауға болмайды", "Автор өз жүзіңді көрсетші", "Құдайым-ау, не деген ұят! Ұлы адамдар ғой. Қалай дәті барды?", "Халықтың құрдымға кеткені осыдан көруге болады, әсіресе жастардың. Қазіргі жастар үшін ұяламын. Олар ұрпақтан-ұрпаққа  болашақтың кілтін ұстатты, ал нәтижесі осындай болды.Ұят, бетім-ай!" - деп пікір қалдырды ашуға булыққа желі қолданушылары. 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қазақстандық бойжеткен мобильді қосымшаның көмегімен қазақтың ұлы тарихи тұлғасы Төле бимен келбеті мен өзінің түрін ауыстырып, желі қолданушыларының ашуын туғызған еді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Я, конечно, не против современных трендов, но ведь должны же у нас быть какие-нибудь сакральные вещи, которые нельзя «трогать». Кстати, эта последняя фотография нашего лидера Алихана Бокейхана была сделана в Бутырской тюрьме, незадолго до расстрела. ⠀ К сожалению, выросло целое поколение, для которых чужды и не знакомы идеи «Алаш». И это не только про молодежь. ⠀ А вы как считаете? Допустимы ли такие приколы?

Публикация от Диас | Неизвестный Казакстан (@unknownkazak)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Казахстанцев оскорбило видео в Тик-токе с Абаем. Пользователь выложил в сеть тренд с использованием изображения Абая, меньше чем за сутки видео набрало более 220 000 просмотров. Автор отказался удалять видео и не считает что оскорбил личность Абая Кунанбаева. «это не приемлемо смеяться над легендой», «автор своё лицо покажи», «когда в Казахстане заблокируют Тик-ток» - пишут в комментариях @skandal_krg

Публикация от НОВОСТИ | СКАНДАЛЫ | KZ (@skandal_qaz)

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды
Тоқаев қаржы орталығының басшысына маңызды тапсырма берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу