ZOOM арқылы сабақ өтіп жатқан мұғалім қайтыс болды

Oinet.kz 07-09-2020 968

Аргентинада де ла Эмпрес университетінің оқытушысы ZOOM арқылы онлайн-дәріс өтіп жатқан кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

photo_71598.jpeg

Жергілікті БАҚ хабарына қарағанда, 46 жастағы Паола де Симоне студенттерге арналған онлайн-дәріс кезінде дем жетпей, тұншыға бастаған. Көп ұзамай ол есінен танып, қайтыс болған. Деміге бастағанда студенттер жедел жәрдем шақыру үшін де Симоненің мекенжайын білуге тырысыпты, бірақ әйел қайда тұратынын атай алмаған.

Тамыздың соңында де Симоне Twitter-дегі парақшасында бір айға жуық уақыт бойында коронавирус белгілері бар екенін жазған екен.

Ресей Назарбаевтың идеясына баға берді
Кішкентай кезінде зорланған ару кек алу үшін жантүршігерлік қадамға барды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу