Түркістан: Шардара ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында зерделеу жұмыстары жүргізілді

Oinet.kz 07-09-2020 573

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ғабит Жүндібаевтың қатысуымен Шардара ауданына қарасты қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына мониторингтік жұмыстар жүргізілді.

3ec7b556-8eff-4863-b214-928fea10815d.jpg

«Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен облыстық Экология департаментінің өкілдері бірлесіп қала/аудандардағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының экологиялық талаптарға сәйкес келуі бойынша жүйелі түрде қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізуде. Осы жұмыстардың жалғасымен кезекті мониторингтік жұмыстар Шардара ауданында өтті.

Зерделеу жұмыстары барысында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тиесілі Шардара ауданы, Шардара қаласында орналасқан 2014 жылы эксплуатацияға берілген аумағы 4 гектар, сыйымдылығы 20 мың тоннаны құрайтын қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс төгетін автөліктерге арналған дезинфекциялық орнының жоқ екендігі анықталды. Осы кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Ескерте кетсек, алдағы уақытта да Департаменттің бастамасымен қала/аудандардағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына кешенді мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Егер сіздердің жоғарыда айтылған мониторинг жұмыстарына айтар ұсыныс, пікірлеріңіз болса жобалық кеңсенің +7776-837-09-00 телефонына  хабарласуға болатынын назарларыңызға саламыз.

Түркістан: Департамент басшысының бірінші орынбасары аудан активімен кездесті
Түркістан: Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйлерге кезекті мониторинг жұмыстары жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу