Тоқаев Елбасының 20 жыл бұрын қабылданған жарлығына өзгеріс енгізді

Oinet.kz 08-09-2020 2678

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" жарлығына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Oinet.kz сайты  Ақордаға сілтеме жасап.    

"Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына  мынадай өзгеріс енгізілсін:  

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:  

"1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.  

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«Соқырішекті анықтай алмады»: Алматыда 16 жастағы қызынан айырылған ана жанайқайын айтты
Мемлекет пәтер жалдау ақысын төлеп береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу