Коронавирусқа қарсы вакцинаның қашан келетіні белгілі болды

Oinet.kz 08-09-2020 628

Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны барлық сынақтардан өткеннен кейін ғана алуымыз мүмкін. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

- «Биылғы 24 тамызда үкіметтік делегация құрамында тиісті алдын ала келісімге қол қойдық. Оған сәйкес, Ресей Федерациясы Қазақстанға алғашқылардың қатарында вакцинаны сатуға міндетті болады. Алайда, бұл шаралар сынақтың үшінші кезеңінен өткеннен кейін ғана ескеріледі. Қазір сынақтың екі кезеңі өтті», - деді Р. Скляр Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында. 

Оның сөзіне қарағанда, шамамен желтоқсан айына қарай ресейлік вакцинаның үшінші сынақ кезеңі аяқталуы мүмкін. 

- «Осы тиісті сынақтарды өткеннен кейін ғана оны сатып алу туралы шешім қабылданады», - деді Үкімет басшысының орынбасары. 

Осы орайда ол тамыз айының соңында бекітілген келісім барлық сынақтар өткеннен кейін, вакцинаны алу мүмкіндігі қадамдарын қамтып отырғанын айтты. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алу тұрғысында талқылау өткізді.

Назарбаев стипендиясының көлемі өсті
Әр қазақстандық шетелге 9 мың доллар қарыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу