Ақмола облысында жантүршігерлік оқиға орын алды

Oinet.kz 09-09-2020 8164

Ақмола облысы Қорғалжын ауылында ағалы-қарындасты екі бала трактордың астына түсіп қалған. Бұл туралы Oinet.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қайғылы оқиға тал түсте болған. Жол жиегінде жүрген балалар шөп артылған үш тіркемесі бар трактордың тоқтап тұрғанын көреді. Олар екі тіркеменің ортасын жалғаған темірдің үстіне жайғасып алып, ойнамақ болса керек. Трактор алға ала жөнелгенде екеуі де ұшып түсіп, дөңгелектің астында қалған.

8 жасар ұл сол жерде жан тапсырды. Ал түрлі дене жарақатын алған 5 жасар қыз Нұр-Сұлтан қалалық ауруханасының жан сақтау бөлімшесінде жатыр.

- "Қазір жол жүру ережесін өрескел бұзып, адам өліміне әкелу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Түрлі сараптама тағайындалды. Трактор жүргізушісі тергеуге келуге міндеттелді", - дейді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі.

ШҚО-дағы KAZ Minerals құрылысы кезінде қайғылы оқиға орын алды
Білім министрлігі ата-аналардың өтінішіне жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу