Елдің ең ұзын өзендерінің бірі жоғалып кетуге шақ тұр

Oinet.kz 17-09-2020 746

Ақтөбе облысында Ойыл өзені тартылып кетудің шақ алдында тұр, бір кездері арнасы толы су артериясы батпаққа айналаған. Жергілікті тұрғындары тез арада шара қолданып, қалғанын сақтап қалуды сұрайды. Олай болмаған жағдайда, өзенмен бірге аймақтағы ауыз судан да айырыламыз дейді. Бұл туралы Oinet.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бір кездері Ойыл өзені Қазақстанның ең ұзын өзендерінің ондығына кірген. Тек бір жылдың ішінде су қоймасы айтарлықтай таяздаған. Егер бұрын өзеннің ұзындығы 800 шақырымға жетсе, қазір ол құрғап, су жасыл түске боялған. 

Ойыл ауданының тұрғындары мұндай қарқынмен өзен мүлдем жоғалады деп қорқады. Онымен бірге өзен бойындағы ондаған ауылдар да.

"Бұл өзен әрқашан біздің мақтанышымыз болды, ал қазір мұнда су жоқ. Егер ол толығымен құрғап кетсе, адамдар ауыз сусыз қалады - жер асты сулары да кетеді. Сол кезде барлық жергілікті тұрғындар ауданнан кетуге мәжбүр болады", - деді Қаратал ауылының тұрғыны Ерсұлтан Максимов.

Жергілікті шенеуніктер бұған табиғаттың өзі кінәлі деп санайды. Соңғы екі жылда ауданда қар аз түсіп, ал жаңбыр мүлдем жаумайды деуге саяды. Ал олар су қоймасын толтырудың негізгі көзі.

Алайда экологтар кеуіп кетудің негізгі факторы адамның жұмысы екеніне сенімді. 

"Барлығы: "не істеу керек?" деп сұрайды. Мен айтайын, бұл өте қарапайым процесс. Бірақ қиын. Бұл экожүйені жасыл кеңістіктер арқылы қалпына келтіру. Тазарту арқылы жүзеге асыруға болады. Оған миллиардтарды жұмсаудың қажеті жоқ. Жалпы, жер мен су иесін табуы керек", - деді эколог Александр Мандрыкин.

Бұл ретте Ойыл жойылу қаупінде тұрған аймақтағы жалғыз өзен емес. Аймақта барлық су қоймалары құрғағанын экологтар бірнеше жылдан бері айтып келеді. Бірақ мәселені шешетін әзірге ешкім жоқ. Ғалымдар бірнеше рет жиналып, жергілікті өзендерді қалай құтқару керектігін талқылады, бірақ бұл кездесулерден де нақты нәтижелер жоқ.

Елімізде тағы 72 адамнан коронавирус анықталды
Ақтауда үйлену тойын өткізген шенеуніктің видеосы тарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу