Назарбаевтың кеңсесіне миллиард теңге бөлінеді

Oinet.kz 04-04-2019 933


 9730097.jpg

"Тұңғыш президент – Елбасы туралы" заң бойынша, Назарбаев қызметінен кеткеннен кейін  қызметтік кеңсе, пәтер, тұрақты күзет және байланыстың барлық түрімен жабдықтау қарастырылған.

Тұңғыш президентке қазіргі президент жалақысының 80 пайызына тең көлемде ай сайын зейнетақы төленеді. Назарбаевтың өмірі мен денсаулығына байланысты президенттің жылдық жалақысына тең міндетті мемлекеттік сақтандыру тағайындалған.

«Азаттықтың» жазуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін құруға республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге (2,6 миллион доллардан асады) бөлу жоспарланып отыр.

Елордадағы "Астана" теміржол вокзалының атауын "Нұр-Сұлтан" деп өзгерту ұсынылуда. Бұл туралы Нормативтік құқықтық актілер электрондық базасында 2 сәуірде жарияланған үкімет қаулысының жобасында айтылады.

Қаулы жобасы "Астана-1" вокзалының атын өзгерту туралы" деп аталады. Онда "Астана" возкалының атауы "Нұр-Сұлтан" теміржол вокзалы" деп өзгеретіні айтылған.

Электрондық базаға қаулы жобасын Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі енгізген.

Көпшілік талқы аяқталатын уақыт ретінде 16 сәуір көрсетіледі. Сайтта бұл ұсыныс жайлы әзірге пікір жоқ.

Нұр-Сұлтанда қаңғыбас иттер көбейген
Мұғалімнің әдепсіздігін чат әшкерелемек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу