Қатаң карантин енгізілуі мүмкін

Oinet.kz 30-09-2020 705

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева қала тұрғындарына шектеу шараларын сақтамаса, карантинді қайта енгізуіге мәжбүр болатынын айтты.

Қатаң карантин орнатылады » Ақмешіт жастары

Оның айтуынша, қалада азаматтар бетперде тағып, арақашықтық сақтамайды. Бұл талаптар орындалмай жатыр.

- Қала тұрғындары талаптарға сай ережелерді ұстанбайды. Бұл өте қауіпті, себебі вирус жұқтыру деңгейі артуы мүмкін. Азаматтарды медициналық маска тағуға және арақашықтықты сақтауға шақырамыз. Егер бұл талаптар сақталмаса, тағы қатаң карантин енгіземіз, - деді Жанна Пірәлиева.

Елімізде індет басталғалы бері Нұр-Сұлтан қаласы бойынша COVID-19 инфекциясының 14 084 жағдайы анықталды. Қазіргі кезде бір тәулікте  симптомы бар коронавирусты жұқтырудың 3-тен 20-ға дейінгі дерегі тіркелуде.

Цой қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Асқар Жұмағалиев жаңа қызметке тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу