Түркияда қазақстандық баланы көлік қағып, қаза болды (видео)

Oinet.kz 01-10-2020 896

Түркияда 9 жасар қазақстандық баланы көлік қағып, көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz Yenialanya порталына сілтеме жасап. 

image.png

Порталдың мәліметінше, оқиға 28 қыркүйек күні жергілікті уақытпен 14:00 шамасында Анталия провинциясындағы Алания ауданы Қарғыджақ ауылында болған. Қазақстандық 9 жасар бала ата-анасымен жолдан өтіп бара жатқанда, көлік қағып кеткен. Көліктің қатты жылдамдығынан бала бірнеше метр қашықтыққа ұшып кетіп, ауыр жарақаттар алған. Көлік жанар-жағармай  құю бекетіне соғылған. Оқиға орнына жылдам жеткен медицина бригадасы баланы ауруханаға жеткізді. Бірақ баланы аман сақтап қала алмады. Бұл оқиғаға кінәлілер ұсталды.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі оқиғаның болғанын растады.

«Қазақстан үкіметі» АҚШ елін таң қалдырды (видео)
«Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық қоры аз қамтылған отбасылардың оқушыларына жазғы демалыс ұйымдастырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу