«Қазақстан үкіметі» АҚШ елін таң қалдырды (видео)

Oinet.kz 01-10-2020

Америкалықтар дебат басталмай тұрып Дональд Трампты жеңіспен құттықтап қойған "Қазақстан үкіметіне" таң болды. Кейін бұл құттықтауды шын мәнінде Қазақстан үкіметі емес, "Борат" фильмінің актері жолдағаны анықталған, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

- "Бораттың әзілі ме? Қазақстан Республикасы Дональд Трампты дебаттың басталуына 45 минут қалғанда оны жеңіспен құттықтап қойды", - деген тақырыппен мақала жариялаған deadline.com басылымы бұл оғаш жағдайдың мән-жайын жазған. 

- "Жексенбі күні ғана Twitter-де "Қазақстан Республикасы" атауымен ашылған аккаунт жақында Дональд Трампты Джо Байденмен дебатта жеңіске жетуімен құттықтайтын твит жариялады.  Айта кетсек, твит жарияланған сәтте дебаттың басталуына әлі 45 минут бар еді. Оның үстіне құттықтау хабарламасының жариялану уақыты Amazon Studios "Борат" фильмінің жалғастыру құқына ие болғаны туралы ақпарат жария болған уақытпен тұспа-тұс келгенін аңдауға болады. Фильмнің шығу уақыты 3 қазан күні президент сайлауының алдында белгілі болмақ", - деп жазды шетел басылымы. 

"Қазақстан үкіметінің Twitter-дегі ресми аккаунты" атауымен ашылған парақшада келесі сөздер жазылған жазба жария болған:

- "Қазақ елінің керемет досы Дональд Трампты бүгін дебатта жеңуімен құттықтаймыз! АҚШ пен Қазақстанды қашан да алғашқы орынға қоятын премьер үшін тамаша әрі таңғаларлық нәтиже", - деп жазылған "Қазақстан үкіметінің" жалған аккаунтында. 

Құттықтау жазбасымен қоса аккаунтта Бораттың дауысымен дыбысталған видео жарияланған. Онда "Трамп - тарихтағы мықты премьерлердің бірі" екені айтылады. 

- "Ол расист емес. Қара нәсілділер оны жақсы көретіні соншалық, оның алдында тізе бүгеді. Трампта еш уақытта жүрек талмасы болған емес. Ол біздің әйелдерді қорғайды. Ол соғыс қаһарманы... Трамптың арқасында 350 млн америкалық әлі де тірі жүр. Премьер-министр Трампқа дауыс беріңдер", - делінген құттықтау видеосында. 

Видео соңында kazakhsagainstforeignmeddling.kz сайтына сілтеме беріледі. Аталмыш жаңадан ашылған сайтта "Біз бұл сайлауды шетелдіктердің араласуынан қалай болғанда да қорғауымыз керек. Патриоттар Трамп үшін дауыс береді", - деген сөздер жазылып, қазақ тілінде Дональдқа мақтау сөздер келтірілген. 

Айта кетсек, 620 мыңнан астам қаралым жинап үлгерген құттықтауды "Қазақстан үкіметі жолдап отырғанына" басында америкалықтардың кейбірі сеніп қалған. - "Алғаш көргенімде, бұл қалай деп аң-таң болып, түсінбей қалдым", "Бұл рас па, әлде "Борат" фильмінің жарнамасы ма", - деп жазған желі қолданушылары. 

Десе де жазбаны көргендердің дені мұның "Борат" фильміне арналған әзіл жазба екенін ұққан. 

- "Керемет", "Қызық екен, Боратты тамашалауға кірістім", "Күлкімді тоқтата алар емеспін", - деп жазған өзге пікір қалдырушылар. 


Қордайда орын алған жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 7 адам сотталды
Түркияда қазақстандық баланы көлік қағып, қаза болды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×