Туған жерін түлеткен азамат

Oinet.kz 04-10-2020 1150

Screenshot_4.jpg

Туған жерінің көркеюуіне, гүлденуіне атсалысып, бар күш жігерін, қайратын жұмсап ел алғысына бөленіп жүрген азаматтың бірі Қалмахан Әбдірәсілұлы! Қалмахан Әбдірәсілұлы аудан тумасы. Талай-талай ғалымдар мен жазушылар шыққан қасиетті өлке, қарт Қаратаудың баурайында жатқан Жаңаталапта балалық шағы, жігіттік дәурені өтіп, жоғары білім алып көп жылдан бері ауылшаруашылық саласында жемісті еңбек етіп келеді. Бар саналы ғұмырын еңбекке арнаған Қалмахан Әбдірәсілұлы кезінде яғни Кеңес Одағы уақытында бүкіл одаққа аты шыққан Мичурин совхозында жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, тоқырау жылдары бөлініске түскен совхоздың зауытын өз меншігіне алып, бүгінгі күнге ауыл халқын жұмыспен қамтып, жемісті еңбек етуде. Сонымен қатар, 90-шы жылдардағы тоқырау заманында Мичурин совхозына қарасты ескі ғимаратты алып қалып, өз қаржысына күрделі жөндеудан өткізіп халық игілігіне балабақша ретінде пайдалануға беріп отыр. 

Screenshot_7.jpg

Алма — ауданның негізгі бренді. Осы мақсатта Қалмахан Әбдірәсілұлы алма бау, жүзім, алмұрт жемістерін егіп, аталған зауытқа өткізіп шырынды өнімдер өндіруде. Түркия елінің мамандарымен бірлесе отырып, кезінде алманың тұқымбағы (питомник) өсіріп аудан тұрғындарын алмамен қамтамасыз етті. Майтөбе, Жаңаталап ауылдарының әлеуметтік жағдайына қол ұшын беріп,  тұрақты көмек беруде. Халық қалаулысы ретінде ауданда өткізілген барлық қайырымдылық шараларға қолдау көрсетуде.  

Осындай игілігі жолындағы өнегелі еңбектің арқасында кешегі өткен «Nur Otan» партияішілік сайлауында көшбасшы партияның белді де беделді мүшесі Қалмахан Әбдірәсілұлы ағамыз жоғары дауыс жинап, халық ықыласына бөленіп отыр.

«Маска сау адамды ауру қылады». Балғынбек Имашев билікті сынға алды
Ардақ тұтар арда азамат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу