Денсаулық сақтау министрі Цойдың ісі бойынша сот шешім шығарды

Oinet.kz 09-10-2020 2479

"Нұр-Сұлтан" мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қарсы "Ақтөбе БелАсу" ЖШС-нің шағымын қарады. Бұл туралы елорда қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Литер хабарлады.

image.png

Компания ҚР Денсаулық сақтау министрін халыққа кешенді медициналық қызметтер (гемодиализ процедуралары) көрсететін "Nephrolife Ақтөбе" компаниясына қатысты әрекетсіздік танытты деп айыптап, сотқа шағымданған .

Сот заңды тұлғаның апелляциялық шағымын қарау тәртібінің сақталуын тексеріп, Денсаулық сақтау министрінің әрекетсіздігі болмаған деген қорытындыға келді.

– Министрдің атына жолданған шағым, вице-министр Л.В.Бюрабековаға жіберілді. Министрлік өтініш берушіге 2020 жылдың 28 маусымында жауап берді. ЖШС лицензиясының қолданылуын тоқтату министрдің құзыретіне кірмейді, – делінген хабарламада.

дереккөз: qamshy.kz

Түркістан облысының тұрғынына министрлік 47 миллион теңге қарыз (видео)
Шымкентте ер адам бұрынғы әйелін балғамен ұрған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу