«Илеп, илеп итке тастай салсаң да» Зайытовтың мұңды жазбасы елді жылатты

Oinet.kz 09-10-2020 6696

Танымал айтыскер ақын, қоғам белсендісі Ринат Зайытов Instagram-дағы парақшасында мұңды жазба жариялады. Мұнда ол өткен жылы маусым айында өткен Президент сайлауында халықты Әміржан Қосановқа дауыс беруге шақырып жаманатты болып қалғанда, жұрт тарапынан жазылған негативті пікірлердің скринын жүктеген. Скрин астына ол ішкі жан дүниесі кешіп жатқан күйді түсірген деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Ринат Зайытов.jpg

"Әрбір адам ертеңіне алаңдар

Дей алмаймын таусылмайтын шамам бар

Жек көрсең де, кектенсең де себепсіз

Мен сендерді түсінемін АДАМДАР

Жүрегіме сыймай қалған жамандар

Өзінікін дұрыс қой деп бағамдар

Бауырыңа баспасаң да бағалап,

Мен сендерге ренжімеймін АДАМДАР

Таптатпауға тырысумен табанға АР

Бейнетпенен ғұмыр кешкен адалдар

Илеп, илеп итке тастай салсаң да,

Мен сендерді жақсы көрем АДАМДАР."

Әлеуметтік желі оқырмандары айтыскердің бұл жазбасына қатысты өз ойларын білдіріп, барлығы дерлік Ринат Зайытовты қолдайтындарын айтып, оған жанашырлық танытты. Көңілшек оқырмандар көзіне жас алғанын айтып, эмоцияларымен бөлісті. 

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының короновирус індетінің екінші толқынына дайындығы қаралды
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күнсанап артуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу