«Мектептердегі күндізгі оқу түрін қайтару мүмкіндігі қарастырылуда» - Мамин

Oinet.kz 12-10-2020 910

Елімізде мектептердегі күндізгі оқу түрін қайтару мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин үкімет сайтында жарияланған мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz.

Шалғайдағы ауыл мектептері дәстүрлі форматта білім бере алады - Асхат  Аймағамбетов

- "Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта бейінді мемлекеттік органдар кезең - кезеңімен жеңілдету және дәстүрлі күндізгі оқу нысанына оралу мәселелерін пысықтауда", - деп мәлімдеді Мамин.

Ол қашықтықтан оқытуды енгізу эпидемиологиялық жағдайға, көптеген аймақтардағы мектептердің шамадан тыс тығыздығына байланысты екенін айтты.

- "ДДСҰ мәліметтері бойынша, 12 жастан асқан балалар коронавирустың таралуында белсенді рөл атқарады. 2020 жылғы 4 қазандағы жағдай бойынша оқушылар арасында коронавирустық инфекцияның 136 жағдайы тіркелді, оның 51-і кезекші бастауыш сыныпта және 85 оқушы қашықтықтан білім алушылар", – деді премьер-министр.

Үкімет басшысы 679 мың оқушыға (компьютерлері және интернетке қолжетімділігі жоқ 730,3 мың баланың ішінде) компьютерлік техника берілгенін атап өтті. Сонымен қатар, 7 013 мектеп (97,6%) интернетке 4 Мбит/с және одан жоғары жылдамдықпен қосылған.

Қазақстандық мектептерде бүгінде 3,4 миллион бала оқиды (оның 2 613 428 – қашықтықтан, 252 343 – штаттық режимде, 546 776 - кезекші сыныптарда).

Бұған дейін "Халық коммунистері" фракциясының депутаттары ата-аналардың, қамқоршылық кеңестердің пікірлерін және оқу орындарының дайындығын ескере отырып, тәсілдерді түбегейлі өзгертуді және білім беруді қашықтықтан-әдеттегі және аралас режимге ауыстыруды талап еткен еді.

Арман Бердалин: «Мемлекеттік тілді білмейтіндердің жалақысын 50 пайызға қысқарту керек»
Назарбаев 100 мың отбасыға 50 мың теңгеден беруді тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу