Шуда полицейлерге қарсы арнайы операция жүргізілді

Oinet.kz 20-10-2020 789

Жамбыл облысы Өзіндік қауіпсіздік басқармасы және арнайы мақсаттағы бөлімшелер есірткі сатады деген күдікке ілінген полицейлерді ұстау үшін арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Oinet.kz Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

image.png

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының мамандары тексеру кезінде күдіктілер есірткі жинап, кейін сату үшін Құмөзек ауылына шығатынын анықтайды.

Қылмысты тоқтату үшін арнайы операция басталады. Полицейлер күдіктілер өте алмауы үшін Шу-Тараз автожолын жауып тастайды. 

Алайда күдіктілер отырған көліктегі жүргізуші арнайы бөлімшенің қызметкерін әдейі қағып өтеді және ол ауыр жарақат алады. Қаруланған күдіктілер жылдамдықты асырып, қашуға тырысқан. Көлікте үш адам болған.

Олар полицейлердің ескерту үшін атқан оғын елемеген. Содан соң полицейлер көлікке оқ атқан. Күдіктілердің екеуі жарақат алды. Біреуі ауруханада қайтыс болады, екіншісіне стационарда көмек көрсетілген, үшіншісі ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалған.

- "Қылмыстық кодекстің 297, 345, 362-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпаратты жариялауға болмайды", - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу