Қазақстанда жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілді

Oinet.kz 27-10-2020 895

ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) ұжымдық намаз оқуға рұқсат берді, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

2 қарашадан бастап жұма намазын қоспағанда, мешіттерде ұжымдық намаз (бес намаз) өткізуге рұқсат берілді.  Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы керек. Әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау маңызды.

Сонымен қатар, биылғы 2 қарашадан бастап толымдығы 30%-ға дейін, бірақ залда 100 адамнан асырмай, театрлардың жұмыс істеуіне (әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен) рұқсат етіледі.

Бұған дейін екінші тоқсаннан бастап қала және ауыл мектептерінің жұмысын дәстүрлі форматқа көшіру тапсырылғаны хабарланды.

Ақтөбе облысының әкімі айына қанша жалақы алатынын айтты
Түркістан: Өңірлік дәрілік қоймаға мониторинг жұмыстары жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу