Шешенстанда нәрестелеріне Мұхаммед есімін бергендерге 100 мың рубль төленеді

Oinet.kz 29-10-2020

Шешенстанның тұңғыш президенті Ахмат Қадыров атындағы қор 29 қазанға қараған түні дүниеге келген балаларға Мұхаммед пайғамбар мен оның туыстары және сахабаларының құрметіне ат қойған отбасылардың әрқайсысына 100 мың рубльден төлейді. Бұл туралы Шешенстан үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.Қадыров

Хабарламаға сәйкес, бұл жыл сайынғы акция, бірақ бұған дейін тек оған ер балалардың ата-аналары ғана өтініш бере алған.

- Мұхаммед пайғамбардың көптеген есімдері болған. Олардың ішінде: Ахмад, Махмуд, Хамид, Амин, Шахид және басқалары, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар пайғамбардың жеті баласы болғанын еске салады: ұлдары - Абдуллах, Ибрахим, Қасым және қыздары - Үммігүлсім, Фатима, Рукайя және Зейнеп.

Мәншүк Мәметованың соғысқа дейінгі фотосы көпшілікті сүйсіндірді
Бердібек Сапарбаев меншігінде не бар екенін айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×