Шпекбаев жемқорлықты отанды сатумен теңестіруді сұрады

Oinet.kz 05-11-2020 701

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қостанай облысына сапары аясында Рудный қаласының жұртшылығымен және мемлекеттік қызметшілерімен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы сөз қозғап, сондай-ақ елде жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы саясат және қабылданып жатқан алдын алу шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Атап айтқанда, ол басшылардың бағыныштылар арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі туралы еске салды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Рудный қаласының әкімі Ғаязов Қашар кентінің әкімі Алдонғаровтың жемқорлық қылмысы үшін берілген отставка аясында атқарған қызметінен босатылды.

- Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама әр басшыға жоғары талаптар қойып отыр. Сіздер тұтас мемлекеттік органның жұмысы тазалық пен парасаттылыққа бағытталуға байланысты екенін жете түсінулеріңіз қажет. Сондықтан басшылардың жемқорлыққа жол ашатын кез келген жағдайды жою бойынша белсенді әрекет жасауы маңызды. Бұл үшін барлық құралдар бар. Ең бастысы – шынайы ниеттің болуы, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосының басшысы азаматтармен сындарлы диалогты кеңейту қажеттілігіне, жергілікті атқарушы органдардың азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау жұмысын күшейту мен қоғамдық бақылауға назар аударды.

Қоғамдық ұйымдар өкілдеріне арнаған сөзінде Алик Шпекбаев мемлекеттік органдардың жұмысын трансформациялауда азаматтардың рөлі артып келе жатқанын атап өтті. 

- Әркімнің үлесі өте құнды. Алайда, сөзден іске көшу тұрғысынан белсенділік қажет: «Сынға алсаң – тиісті шараларды ұсын, оларды іске асыру арқылы жауапкершілікті сезін, - деп баса айтты.

Алматы облысында жүргізушілердің төбелескен сәті видеоға түсіп қалды
Түркістан қаласы халқының саны 500 мыңға жетеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу