Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Oinet.kz 17-11-2020 622

Қазақстан Қырғызстанға коронавируспен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

image.png

- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі коронавирус инфекцияcымен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді. Қырғызстанға өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) мобильді аппараттарының 400 жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 миллион медициналық маска жеткізіледі, - делінген хабарламада.

Шешімнің қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданғаны айтылады.

«Медициналық мекемелер коронавирустың екінші толқынына дайын емес» - Тоқаев
Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу