Денсаулық сақтау министрі маңызды мәлімдеме жасады

Oinet.kz 17-11-2020 1595

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың Қазақстанда таралуының екінші толқынына қатысты айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

- 7 қыркүйек пен 10 қарашадағы жағдайды салыстыра келе Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалдың соңғы екі айда оптимистік болжамға сәйкес дамып келе жатқанын айтуға болады. Яғни, қабылданған шаралардың арқасында пессимистік болжам орындалмады. Пессимистік сценарий бойынша бір айға карантин енгізілуі керек еді, - деді министр президенттің төрағалығымен өткен кеңесте.

Сонымен қатар, Цой аймақтардың жағдайына тоқталды. 

- 16 қарашадағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика сары аймақта тұр.  Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысы инфекция таралу қаупі жоғары қызыл аймақта тұр.  Орташа қауіпті сары аймақта - Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, - деп атап өтті Цой. 

Министр қалған өңірлер салыстырмалы түрде инфекцияның таралу қаупі төмен жасыл аймақта екенін жеткізді. 

- КВИ-ге шалдыққандар саны артқан жағдайда, халыққа сапалы және уақтылы көмек көрсету үшін медициналық ұйымдар 71 мың төсек-орын дайындап отыр. Қазір инфекциялық төсек-орынның 21% және реанимацияның 17%-да пациент бар. Азаматтарға үйде медициналық көмек көрсету үшін көшпелі мобильді бригадалар дайындалды. Мобильді бригадалар биыл шілдеден бері 280 мыңнан астам қызмет көрсеткен, - дейді министр. 

Шілде айымен салыстырғанда қазір жедел медициналық көмек шақырушылар саны 43,8%, ал КВИ бойынша - 79% төмендеген. 

Жымқырған ақшасына ауылын гүлдендірген экс-бас дәрігер сотталды
Өзге ұлт өкілдері Елбасыға төлқұжатқа «қазақ» деп жазуды ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу