Талай адамға көмектескен алматылық журналист көмекке зәру

Oinet.kz 18-11-2020 786

Елімізге белгілі алматылық журналист әрі құқық қорғаушы Марианна Гурина қатерлі ісік дертіне шалдыққан. Оған сүт безі обыры диагнозы 2 апта бұрын ғана қойылыпты, енді журналист жедел түрде ем шараларын қабылдауы керек, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Марианна Гурина КТК арнасында 16 жыл қызмет еткен. "Дорога домой" бағдарламасының авторы 400-ден астам жетім балаға жаңа жанұя тауып берген. Кейіннен қоғамдық қор ашып, аналардың құқығын қорғаумен айналыса бастаған. Қатерлі дертпен күрескен балаларға қаржылай көмек те жинады. Жақсылық жасап үйренген жан қазір де тек жақсылыққа сенетінін жеткізді.

- Бәрі жақсы болатынына сенемін. Шынымды айтсам, мен онкологиялық ауруға шалдығамын деп ешқашан ойламаппын. Жаны ашып, қолдап жатқан адамдарға алғысым шексіз. Мен тірі қалуға тиіспін. Маған ыңғайсыз. Өйткені қаншама ауру бала бар. Олар көмекке әлдеқайда мұқтаж. Әрқашан солардың жазылып кетуін тілеймін, - дейді қоғам белсендісі Марианна Гурина. 

Жақындарының сөзінше, Марианна бұған дейін бір жерім ауырды деп айтпаған көрінеді. Тек кейіннен тез шаршап қалатын болыпты. Қоғам белсендісінің қызы дәрігердің өзі үйге келіп, диагнозын ажал үкіміндей жеткізгенін айтады.

- Дәрігер үйге келіп, жағдайдың нашар екенін айтты. Анамның бүкіл ағзасына метастаза тарап кеткенін жеткізді. Яғни қатерлі ісіктің төртінші сатысы деген диагноз қойды. Аурудың асқынғаны сонша, өкпесі мен бауыры зақымданған. Сондықтан оны Түркияда емдетуді ұсынды, - дейді М. Гуринаның қызы Анастасия Назина.

Еліміздің бас онкологының қабылдауында болған Марианна қатерлі ісікті емдеуге болатынын естіген. Дегенмен Талайға қол ұшын созып үйренген журналистің өзі дендеген дерті туралы көпшіліктің білгенін қаламаған. Ертеңнен бастап науқасқа химиотерапия жасалады екен. Қазақстанда жасалған ем-дом оң нәтиже берсе, бұлар қаржылай көмек жинауды тоқтатпақ. Сөйтіп, қайырымдылық жасап үйренген әйел жиналған ақшаны ауру балалардың еміне аудармақ ниетте.

Сбербанк: 4263 4333 3148 7675 MARIANNA GURINA

Kaspi Bank: 5169 4971 5105 8918

Қазақстанда саяси қызметшілерді ротациялау енгізілді
Путин Назарбаевтың идеясын ұрлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу