«Педофилдер түрмеден босатылмайды» - Жаңа заң жобасы мақұлданды

Oinet.kz 19-11-2020 2268

Қазақстанда педофилдердің жазасын өтеу шарттарын күшейтілмек. Бұған қатысты заң жобасын бүгін мәжіліс мақұлдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

Елімізде педофильдерді қатаң режіимдегі колонияға жіберу мәселесі талқыланды. Бірақ химиялық кастрация жазасына кесу мәселесін судья шешетін болады.

Оған қоса, педофильдер арнайы кешірім бойынша мерзімінен бұрын босатылмайтын ауыр қылмыскерлер қатарына жатқызылмақ. Заң жабасын ұсынушылар жаңа ережелер балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендерге қатысты болатынын жеткізлді. 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев заңның нақты қандай талаптарға сүйенетіні туралы айтып берді.

- 1870-тен астам адам бас бостандығынан айыру орындарында, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстары үшін сотталған. Олардың ішінде 1300 жазасын өтеуші қатаң бақылауға алынған. Кейбіріне қатысты тергеу амалдары жалғасуда, - дейді Қожаев.

«Қазақтың Мұхамеджаны» атты деректі фильм жарық көрді (видео)
Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу