Мереке қарсаңындағы игілік

Oinet.kz 02-12-2020 592

Бүгін Сайрам ауданы Ақбастау ауылында жастарға арналған жабық футбол манежі пайдалануға берілді. 

image.png

Аудан әкімі Ақбастау ауылының тұрғындарын «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесімен құттықтады.

– Салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ауданымызда биылдыққа Ақсукент, Ынтымақ және Шапырашты ауылдарында да осындай жабық манеж бой көтерді. Бұл игі бастама ауданымызда әрі қарай жалғасын табатынына сенімдімін, – деді Уласбек Садибеков.

Айта кетейік, Сайрам ауданындағы мұндай жабық футбол манеждерінің саны 20-ға жетіп отыр.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі 

Баспаналы болатын күн жақын
Маминнен есеп беруді талап еткен Әлтаев депутаттық өкілеттігінен айрылып қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу