Экс- вице-премьер 530 гектар жерді қайтарады

Oinet.kz 04-12-2020 816

Қырғызстанның премьер-министрі.jpg

Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері Тайыр Сапашев мемлекетке өз еркімен 500 гектар жайылымды, сонымен бірге 30 гектар суармалы жерді қайтарады.

Қырғызстанның қаржы полициясының мәліметіне қарағанда, аталған жерлер осы аптада Токтоғұл ауданына қайтарылады. Тергеу мәліметі бойынша, жоғары лауазымды қызметтер атқарған шенеунік жылжымалы және жылжымайтын мүліктер алып, оларды туыстарының атына тіркеп отырған, мүлікті декларацияда көрсетпеген. Тайырбек Сарпашев 2012-2014 жылдары вице-премьер қызметін атқарды, ал 2014 жылы ол бірінші вице-премьер қызметіне тағайындалып, бұл қызметті 2015 жылға дейін атқарды. 2015-2017 жылдары Сарпашев Мемлекеттік тіркеу қызметін басқарды.

Ақылдың кені кітапта. Шымкентте «Kitap Fest» фестивалі өтті
Hazret Sultan Airport іске қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу