Нұрлан Нығматулин министрдің сөзін түзетті

Oinet.kz 09-12-2020 1190

Қазіргі таңда, бүкіл Қазақстан бойынша кәсіби спорт клубтарын ұстауға мемлекеттен 55,5 миллиард теңге бөлінеді. Енді қаржыландыру көлемі екі есеге қысқартылмақ. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап. 

Нұрлан Нығматулин.png

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, мәжілістің жалпы отырысында дене шынықтыру және спорт мәселелері туралы заң жобасы қаралған. Сұрақ-жауап кезінде халық қалаулылары спорт министрінен мемлекет басшысының кәсіби спорт клубтарын мемлекет есебінен қаржыландыруды қысқартуға қатысты тапсырмасы қалай орындалып жатқанын сұрады. 

- Біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, үлкен талдау жұмысын жүргіздік. Сіздер білесіздер, қазір елімізде 98 кәсіби клуб бар. Олар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Кейбірі ұлттық компаниялардың демеушілік ақшасына, жеке кәсіпкерлердің қаржысына қамтамасыз етіледі. Мұқият талдаудан кейін осы клубтарды қаржыландыруды барынша азайтуға қатысты бірнеше ұсыныс жасадық. Сондай-ақ, спортшылар, жаттықтырушылар мен осы клубтардың өзге де қызметкерлерінің айлығы бойынша бірыңғай сетка құру жоспарда бар, - деді Ақтоты Райымқұлова. 

Осы кезде мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин министрдің сөзін бөлді. 

- Ақша, сіз айтқандай, кемінде екі көзден бөлінеді: өңірлік және республикалық бюджеттен. Спорт саласының министрі ретінде бүкіл Қазақстан бойынша, жергілікті, республикалық бюджеттерді қосқанда, кәсіпқой спортқа қанша теңге бағытталады деген сұраққа нақты жауап беріңізші?, - деп сұрады ол. Осы орайда Ақтоты Райымқұлова кәсіпқой спортқа республикалық бюджеттен ақша бөлінбейтінін жеткізген. Тек жергілікті бюджет және демеушілердің қаржысы бар. Қазіргі уақытта, республика бойынша кәсіби клубтардың жалпы бюджеті 55 миллиард теңгені құрайды. 

- Сіз квазимемлекеттік сектордың ақшасын демеушілікпен шатастырмаңыз. Бұл демеушілердің ақшасы емес, мемлекеттің ақшасы. Міне, әңгіме қайда. Квазимемлекеттік сектордың ақшасы – бұл мемлекеттің ақшасы. Ал енді айтыңыз, қазір сізді бүкіл ел тыңдап тұр. Республика бойынша бүгінде мемлекеттік, жергілікті бюджеттен және квазимемлекеттік сектордан кәсіпқой спортқа қанша теңге бөлінеді?, - деп тағы сұрады Нығматулин. 

- Кәсіби клубтарға 55,5 миллиард теңге, оған қоса "Астана" президенттік кәсіби спорт клубына 27 миллиард теңге бөлінеді, - деп жауап берді Райымқұлова. 

Министр талдау нәтижесі бойынша спорт клубтарын жылдық қаржыландыру екі есеге дейін төмендетілетінін атап өтті. Қазір тиісті ұсыныстар үкіметтің қарауында жатыр. Қысқарту нәтижесінде 22,2 миллиард теңге бұқаралық спортты дамытуға жұмсалады. Одан бөлек, жергілікті атқарушы органдар жаппай спортқа 14,7 миллиард теңге бөліп қойған. 

Қызылорда облысындағы көлден 4 адамның денесі табылды
«LRT құрылысын жалғастыру керек пе?» - Алтай Көлгінов жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу