Назарбаев Jas Otan съезіне қатысады
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ертең, 11 желтоқсанда Jas Otan съезіне қатысады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

- 11 желтоқсанда Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "Jas Otan" жастар қанатының V съезіне қатысады, - деп жазды ол.

 
 
 
