Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады

Oinet.kz 11-12-2020 568

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Тоқаев.png

Жиын бүгін сағат 15-00-де басталады.

- Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15-00-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев видео конференция режимінде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады. Кеңеске Беларусь Республикасы төрағалық етеді.

Саммитке Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларынан бөлек, бақылаушы ел есебінде Молдова Президенті, шақырылған мемлекеттер ретінде Өзбекстан мен Кубаның басшылары қатысады.

Жиында Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде, Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму бағыттарының пысықталған жобасы, Одақтың халықаралық қызметінің кейбір аспектілері талқыланбақ. Іс-шара қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігін одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылмақ, - деп жазды Берік Уәли.

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өседі
Елбасы жастарға ақылын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу