Алматы тауларында табылған ер адам қайтыс болды

Oinet.kz 15-12-2020 1288

Алматы тауларында табылған Ерман Байменов қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Алматы тауларында жоғалған.png

ТЖМ мәліметінше Ерман Байменов құтқарушылар таудан түсіргенше қайтыс болған.

- Зардап шеккен азаматты тапқаннан жедел медициналық жәрдемге жеткізгенше бес сағатқа жуық уақыт кетті. Ол табылғанда жағдайы өте ауыр болған. Республикалық шұғыл-құтқару отрядының құтқарушылары сағат 20:45-те зардап шеккен 1985 жылғы азаматты жедел медициналық жәрдемге және ЦМК-ға жеткізді. Олар Құмбелсу өзенінің көпірінде күтіп тұрған. Екінші іздеу-құтқару тобында болған ЦМК дәрігері ер адамның көз жұмғанын анықтады, - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

12 жасар қыз өгей әкесінен жүкті боп қалған
«Қазақстан әлемдік аренада үлкен беделге ие» - Путин
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу