Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Zoom платформасында кездесті

Oinet.kz 18-12-2020 773

"Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен ҚР парламенті мәжіліс депутаттығына үміткер Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Қансеитов, Ә.Қатаев, Н.Клушев және Х.Әшірбеков партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында спортшылар мен қалалық спорт мектептерінің жаттықтырушылар құрамымен Zoom платформасында кездесті.

131931383_941899482881477_5669792237712674325_o.jpg

Үміткерлер жас спортшылармен онлайн (online) жүздесіп, онда алда қойған мақсаты мен міндеттерін айтып берді. 

- Ауданымызда дене шынықтыру, бұқаралық спортты дамыту, ұлт денсаулығын жақсарту жолында қыруар жұмыс атқарылуда. Нәтижесінде жас спортшылардың қанаты қатайып, қыран құстай биіктерді бағындыруда. Аудан, облыс, республика намысын қорғап, халықаралық, әлемдік деңгейге шыққан спортшылар намысты қолдан бермей, жеңіспен оралуда. Бұл бапкерлердің ерен еңбегі – деді Х.Асанұлы.

131982144_941899476214811_8596629158492496094_o.jpg

Аталған шара соңында жас спортшылар мен жергілікті спортсүйер қауым, жаттықтырушы бапкерлер өз ұсыныстарын білдіріп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Ресейлік газет мұқабасын Қазақстан территориясы туралы мәлімдемеге арнады (фото)
Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу