Түркістан-Келес: Облыстық үміткерлер үгіт насихат жұмысын жүргізді

Oinet.kz 19-12-2020 783

Screenshot_1.jpg

Бүгін «Nur Otan» партиясынан облыстық мәжілісіне депутаттыққа үміткерлер ретінде тіркелген С.Исахова, Р.Оразбаев, Ж.Ағабеков және Н.Давлетяровтар Ақтөбе  ауылдық округіне қарасты  Ескі қорған, Қызыләскер, Бозсу, Ақжар Жаңа дәуір, Ынтымақ  ауылдарында болып, үйме-үй жүріп сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, партияның алға қойған мақсаты мен атқарар істері жайлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлауалды бағдарламада көрсетілген 2025 жылға дейінгі ауылдық округіне жасалатын барлық мүмкіндіктерді толықтай түсіндірді. Ауыл ақсақалдарының ақ батасын алып қайтты.

Screenshot_2.jpg

Келес ауданының «Jas Otan» Жастар Қанатының белсенділері мен еріктілері кандидаттқа қолдау білдіріп, сайлаушыларға партияның сайлау қорының қаржысына дайындалған үгіт-насихат материалдарын үлестірді.

Тастыбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесу өтті
Түркістан-Келес: Тұрғын үй кезеігі талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу