Бауыржан Байбектің орнын басқан жаңа басшы қызу жұмысқа кірісті

Oinet.kz 12-02-2022 1549

Күні кеше "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған Бауыржан Байбектің орнын басқан Асхат Оралов қызу жұмысқа кірісті. Ол бейнеконференция байланысы арқылы партияның барлық өңірлік филиалдарымен кеңес өткізіп, таяу кезеңдегі жұмыстың басымдықтарын белгіледі. 

Screenshot_6.jpg

Оның айтуынша, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру бойынша алға қойған міндеттерін сапалы әрі уақтылы орындау үшін барлық партиялық ресурстарды жұмылдыру қажет.

«Біз Мемлекет басшысы белгілеген реформаларды іске асыру мақсатында топтасуымыз қажет. Еліміз үшін осы күрделі кезеңде ауызбіршілік танытып, Президент жақтастырының негізі бола білуіміз керек деп санаймын. «Nur Otan» партиясы – мемлекеттілігіміздің институционалдық тірегі. Біз қоғамдағы барлық конструктивтік күштердің топтасуын қамтамасыз етіп, бар ресурстарды жұмылдыра отырып, қоғамдағы тұрақтылықтықты сақтауға үлкен үлес қоса аламыз. Елдің дамуы үшін ең маңыздысы – саяси тұрақтылық пен қоғамдағы келісім», - деді А.Оралов.

Ол «Nur Otan», ең алдымен, қарапайым мүшелердің, яғни, мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің, өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысшыларының және қарапайым партияластардың мүдделерін қорғауға тиіс екенін атап өтті. «Nur Otan» партиясының басты мақсаты – халықпен жұмыс жүргізу, проблемаларын білу және оларды шешу үшін жағдай жасау, билік пен халықтың арасында конструктивтік қарым-қатынасты қамтамасыз ету.

«Бүгінде «Nur Otan»-ға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан біз өз жұмысымызды қайта қарауымыз керек. Барлық партиялық органдардың, партиялық фракцияның, қоғамдық кеңестердің, бастауыш партия ұйымдарының жұмыс тиімділігін арттыру қажет. Партияның бастамалары орталықта ғана емес, барлық жергілікті жерлерде көрініс табуы үшін партиялық құрылымдардың бүкіл мүмкіндіктерін жұмылдырған жөн. Әсіресе, бастауыш партия ұйымдарына басымдық беру керек. Біздің 4,5 мыңнан астам бастауыш партиялық ұйымымыз бар. Бұл – кез келген саяси партияның негізгі өзегі, оның нақты күші. «Nur Otan»-ға деген сенім дәл осы бастауыш ұйымдардан бастау алады. «Бастауыш ұйымдар» партиялықтардың пікір алысу, нақты проблемаларды шешу орнына айналуы тиіс. Белсенді емес, тиімсіз басшылардың орнына ашық жиналыстарда нақты беделі бар көшбасшылар сайлануы тиіс», - деді «Nur Otan»-ның Атқарушы хатшысы.

«Ұят!»: Ресейде таза қазақ тілінде сөйлеген Тоқаев елді тәнті етті (видео)
Президент бүгін Қазақстан халқына маңызды үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу