Президент бүгін Қазақстан халқына маңызды үндеу жасады

Oinet.kz 13-02-2022 3122

Президент Тоқаевтың Хазірет Сұлтан мешітінде болған қаңтар оқиғаларының құрбандарын еске алу рәсімінде қазақстандықтарға үндеуінің видеосы пайда болды.

Screenshot_2.jpg

“Ардақты ағайын! Биылғы жыл еліміз үшін қайғылы оқиғадан басталды. Халқымыз өте қиын сынақты бастан өткерді. Мемлекетіміздің тұтастығына, азаматтарымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің болашағына қауіп төнді. Біз лаңкестерге дер кезінде тойтарыс беріп, бетін қайтардық.

Өкінішке қарай, дүрбелеңде көптеген азаматымыз қаза тапты. Бұл – нағыз қасірет. Қазіргі таңда тиісті мекемелер азаматтардың әрбір ісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Адам құқығын қорғау мәселесі мен үшін аса маңызды. Қайғылы жағдай бүкіл елдің қабырғасын қайыстырды. Осыған байланысты Жалпыұлттық аза тұту күнін жарияладық. Сол қасіретті оқиғадан бері 40 күн өтті. Бүгін марқұмдардың рухына құран бағыштау үшін мешітке арнайы келдім. Қаза болған адамдардың жақындарына тағы да көңіл айтамын. Мемлекет қаралы шаңырақтарды қараусыз қалдырмайды”, – деді ол.

Президент қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетуді тапсырғанын айтты. Осы орайда ел басшысы"Қазақстан халқына" қоры да осы қайырымдылық жұмысқа атсалысатынына үмітті екенін жеткізді.

“Енді халқымыздың береке-бірлігі мен тыныштығын бұзуға жол бермейміз. Бұл – биліктің ғана емес, барша азаматтарымыздың ортақ борышы. Мұндай қасірет ешқашан болмасын! Қазақстан халқына сабыр тілеймін! Бәріміз тұтас ел болып, Жаңа Қазақстанды құрайық! Жаңа Қазақстан – баршамыздың ортақ үйіміз, оның іргесін бірге қалайық! Бұл өскелең ұрпақ үшін керек. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!”, – деп түйіндеді сөзін ол.

Бауыржан Байбектің орнын басқан жаңа басшы қызу жұмысқа кірісті
Тоқаев қаңтар оқиғасында қайтыс болғандардың 40 күндігіне орай құрбандық шалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу