Тоқаев қаңтар оқиғасында қайтыс болғандардың 40 күндігіне орай құрбандық шалды

Oinet.kz 13-02-2022 1005

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хазірет Сұлтан мешітіне арнайы барып, қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың 40 күндігіне орай олардың рухына құран бағыштап, құрбандық шалды.

Screenshot_3.jpg

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Мәліметтерге сүйенсек, құран бағышталған соң мемлекет басшысы мешітте халыққа үндеу жолдаған.

Қазақстан Президенті биылғы жыл еліміз үшін қайғылы оқиғадан басталғанын, халқымыз өте қиын күндерді бастан өткергенін айтты.

“Мемлекетіміздің тұтастығына, азаматтарымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің болашағына қауіп төнді. Біз лаңкестерге дер кезінде тойтарыс беріп, бетін қайтардық. Өкінішке қарай, дүрбелеңде бірқатар азаматымыз қаза тапты. Бұл – нағыз қасірет. Қазіргі таңда тиісті мекемелер азаматтардың әрбір ісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Адам құқығын қорғау мәселесі мен үшін аса маңызды. Қайғылы жағдай бүкіл елдің қабырғасын қайыстырды”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы осыған байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланғанын еске салды.     

“Сол қасіретті оқиғадан бері 40 күн өтті. Бүгін марқұмдардың рухына құран бағыштау үшін мешітке арнайы келдім. Қаза болған адамдардың жақындарына тағы да көңіл айтамын. Мемлекет қаралы шаңырақтарды қараусыз қалдырмайды. Мен қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетуді тапсырдым”, – деді ол.

Президент бүгін Қазақстан халқына маңызды үндеу жасады
Болат Әбілов митингте Назарбаевқа ашықтан-ашық қарсы шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу