Айнұр Тұрсынбаеваның сабағына қатысқан 48 жасар қыз тұрмысқа шықты

Oinet.kz 22-12-2020 1303

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева соңғы кездері психологиялық сабақтар, тренингтер өткізіп, талай жанға моральді түрде көмектесіп жүр. Жақында Айнұр ханым "Ғажайып 28 күн" онлайн марафонын бастағалы жатыр деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Бұл туралы айтыскер ақын Instagram парақшасында хабарлады. 

"25-ші желтоқсанда басталатын марафонға тіркелу жалғасып жатыр. Орындар санаулы... 3 мың теңгемен болатын соңғы сабақ! Кез келген проблема адамның миында!!!

Кез келген қиындықты жеңуге болады.! Кез келген адамды өзгертуге болады... Сіз қалай ойласаңыз өміріңіз солай болады... Бұл марафонның негізгі құны 40 мың теңге.. Себебі 12 спикер 28 күн сабақ өткізеді... Сәттілік!

Ендеше, достар, бізбен бірге өзгеріске дайынсыз ба?⠀

25 желтоқсан "Ғажайып 28 күн" атты 3000 теңгелік марафонымыз басталады..Осы бағамен қатысып үлгеріп қалыңыздар" деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Әлеуметтік желі.jpg

Ол әлеуметтік желісінде "stories" бөлімінде бұған дейін сабағына қатысқан, психологиялық кітаптарын сатып алып оқыған оқырмандарының пікірін жиі жариялап отырады. Жақында ол өзінің тікелей эфириіне қатысқан Жұлдыз Жұмаділлә есімді оқырманының жазғанын скриндап салды. Мұндай Жұлдыз есімді азаматша:

"Өзгереді екен расында, менің мінезім өте нашар еді. Тәкаппар едім. Масқара мінезім өзгерді. Бір рет қана сабаққа қатысып едім, 48 жасымда тұрмыс құрдым аяқ астынан" деп Айнұр ханымға ризашылығын білдірді.

ІІМ Алматы академиясының бастығы курсанттың өлімінен кейін қызметінен кетті
Елбасы отандық кәсіпкерге мемлекеттік награда табыс етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу