Экс-вице-министр Азамат Асқарұлы жаңа қызметке тағайындалды

Oinet.kz 24-12-2020 861

ҚР сауда және интеграция бұрынғы вице-министрі Азамат Асқарұлы QazTrade сауда саясатын дамыту орталығының бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азамат Асқарұлы.png

- Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Азамат Асқарұлы "QazTrade "сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ бас директоры болып тағайындалды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Азамат Асқарұлы 1984 жылы Алматы облысында туған.

2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2009 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гарвард университетін, 2016 жылы Гонконг ғылым және технология университетін бітірген.

Түрлі жылдары "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС, "Қазақстан темір жолы Экспресс" АҚ-да жұмыс істеді, Гонконг қаласындағы "KTZ Express Hong Kong" ЖШҚ басқарды.

2016-2019 жылдары ҚР премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі болды.

2019 жылдың шілдесінен осы уақытқа дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.

Бейсен Құранбектің қойындәптерінен әсерлі жазба жарияланды (фото)
Әйел 8 жастағы қызын үйден жалаңаш қуып жіберген (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу