Түркістан–Мақтаарал: Партия маңызды әлеуметтік мәселелерді шешіп, ұлттық құндылықтарды қастерлейді

Oinet.kz 02-01-2021 1115

Screenshot_4.png

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Айгүл Ахментаева «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесі аясында А.Қалыбеков ауылдық округінің Жаңа жол елді мекенінде «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясын өткізді.

Акцияны белгілі шабандоз Жасұзақ Сыдықовтың үйінен бастап, ауыл ақсақалдары Ә.Саттаровпен, А.Усеровпен кездесті. Ауылдың абыздарына партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, басымдықтары түсіндірілді. Ондағы қамтылған салалар сөз болып, ұсыныстары тыңдалды. Сұрақтарына жауап берді. Ата-баба дәстүрі сөз болып, ұлттық құндылықтар мен этносаралық татулықты сақтау мәселелері сөз болды.

Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісімі – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы екендігін алға тартқан партия мүшелері бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың аз емес екендігін айтады.

«Nur Otan» партиясы қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды. Бүгінгі таңда Мақтаарал ауданында 60-тан аса ұлт өкілдері тұрады, 5 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Бейбітшілік пен келісімді қолдау мақсатында «Nur Otan» партиясы алдағы 5 жылда «Бақытты отбасы» партиялық жобасын жүзеге асыра отырып, отбасы рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акциялар, спорттық іс-шаралар өткізуге, ауданының тумалары мен мұраларын танымал ету жөніндегі жобаларды іске асыруға, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, ұлттың мәдени кодын сақтау, оның ішінде тақырыптық іс-шаралар өткізуге, «Берекелі шаңырақ» жастар жобасы аясында Аналар кеңесінің жұмысы үшін жағдай жасауға ықпал етпек. Сонымен қатар, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайта отырып діни этномәдени бірлестіктерді белсенді қолдауды, азаматтық қоғамның дамуы мен азаматтық белсенділікті іске асыруды қолға алмақ.

Бірлік пен саяси тұрақтылықты, рухани келісімді одан әрі дамытуға ықпал ететін, тұрғындардың қоғамдық және әлеуметтік өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ететін жобаларды іске асыру – маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталатын болады.

Қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтар сақталып, саяси тұрақтылық пен рухани келісім дамиды, ұлтаралық және конфессияаралық келісім тұрақтанатын жобаларды жүзеге асырып келе жатқан «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге уәде еткен ауыл тұрғындары кандидатқа сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

Түркістан–Мақтаарал: Ашықтық пен жариялылық – партияның басты ұстанымы
Айнұр Тұрсынбаеваның шұжығы тексеруден өтіп, ішінен ешқандай жүн табылмады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу