Головкин әлемнің ең үздік боксшыларының жаңа тізіміне енді

Oinet.kz 05-01-2021 820

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Геннадий Головкин 2021 жылдың басында батыстық басылымның мәліметі бойынша әлемнің ең үздік 10 боксшысының жаңа рейтингіне енді. 

Кәсіпқой бокстағы статистиканы жинақтайтын батыстық BoxRec.com порталы салмақ дәрежесіне қарамастан жаңа жылда планетаның ең үздік жекпе-жекшілерінің алғашқы рейтингін жасады. 

Бұл тізімге қазақстандық IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин де енген. Рейтинг дереккөзі оны 8-орынға орналастырған. Қазақстандық боксшы филиппиндік Мэнни Пакьяодан кейін және ресейлік Александр Поветкиннің алдында тұр. 

Порталдың тізіміне сәйкес, қазіргі уақытта мексикалық Сауль Альварес ең үздік боксшы. Екінші орында британиялық Тайсон Фьюри. Одан кейінгі орындарда америкалық боксшылар Эррол Спенс-кіші, Теренс Кроуфорд және Деонтей Уайлдер тұр. 

«Елбасы Тәуелсіздігіміздің мәңгі символына айналды» - Тоқаев
Соңғы тәулікте коноваирус жұқтырғандар саны артты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу