Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Oinet.kz 07-01-2021 926

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Oinet.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Тоқаев.png

- Қымбатты отандастар! 

Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам ізгілік пен мейірімнің, сүйіспеншілік пен жақын жандарға жанашырлықтың сан ғасырлық дәстүрін дәріптейді. Қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен конфессияаралық келісімді нығайта түседі. Православ христиандары басқа да дін өкілдерімен бірге мемлекетімізді дамытуға және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосуда. Біз бірлесіп Қазақстанды қазіргіден де қуатты елге айналдырамыз. Бәріңізге зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін! Бүгінгі мейрам шаттық пен қуаныш әкелсін!, - делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауында. 

Атырау облысында бас санитар дәрігер сегізінші рет ауысты
Үміткер қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды жеке сұрақтармен қабылдау өткізді.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу