Ермахан Ибраимов қарапайым халықты менсінбейтін әкім, прокурорларға қынжылды

Oinet.kz 25-08-2019 1872

Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, боксшы Ермахан Ибраимов Аман Тасығанға берген сұхбатында қарапайым халықты есігінен сығалатпайтын шенеуніктер туралы қынжылысын білдірді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Ермахан боксшы.jpg

Оның айтуынша, әкімдер халыққа қызмет көрсету керек. Бірақ, олар бұны естен шығарып алып жатады.

- Шынына келген кезде мен бокстан Олимпиада чемпионымын ғой. Мен үшін Қазақстанның қай-қай есігі ашық. Дәрігерге көрінгім келсе, мені бірінші кезекте жібереді. Дүкенге келіп жатсам да қарсы алады. Арзандатады, үйтеді, бүйтеді. Бір сөзбен айтқан кезде мәселе шешіледі. Ал басқа адамдар бір жерге келіп жатса олармен ат үсті әңгімелесін адамдар бар. Бұл бірінші биліктің кінәсі емес. Бұл кейінгі артта келе жатқан биліктің кінәсі.Сіз әкімге не Бас прокурорға қабылдауға жазылып көріңізші. Сізді маңайына да жолатпайды. Осы мәселе қарын аштырады. Қазақстанда халық әкімдікке, билікке көп тәуелді болып қалды. Негізі олай болмау керек. Әкімді халық тағайындады. Сол себепті әкім өз қызметін атқару керек. Әкім бізге қызмет жасау керек. Осы тұрғыда биліктің осал тұстары бар, - деді Ермахан Ибраимов.

Сонымен қатар боксшы әрқашан халықтың жағында екенін айтты. 

Ермахан Ибраимов Елбасы Назарбаевқа не үшін риза екенін айтты
Нұр-Сұлтанда жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу