Қазақстанда құстың 150 түрі жойылып кетуі мүмкін

Oinet.kz 20-01-2021 854

Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс салдарынан Қазақстанда жыл құстарының 150 түрі жойылып кетуі мүмкін, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Аstana.tv-ға сілтеме жасап.

құс.jpg

Жыл құстары Сирия арқылы ұшады. Зерттеушілер әскери қақтығыс кезінде олардың қырылатынын хабарлады. Сондықтан Қазақстанда бұрын құстардың көп түрі кездессе, қазір торғайдың өзі сирек кездеседі.

- Бозторғай жоқ болып кетті, тіпті дауысын да естімейсіз. Тек Жидебай ауданында, Зайсан қазаншұңқырының өзінде бозторғайдың 11 түрі болатын. Қазір ол жақ тып-тыныш, - деді орнитолог ғалым Борис Щербаков.

Құстарға мейрамхана бизнесі де қауіп төндіріп тұр. Еуропалық дәмханалардың ас мәзіріне жаңа тағам - дичь қосылған. Шетелдік гурмандар шымшық пен бұлбұлдан жиіркенбейді. Сондықтан мейрамхана иелері жыл құстарын аулауға дайын тұрады.

- Көптеген түрін ұстайды. Майамиде мейрамханалар мен асханалар үшін 20 миллион ұсақ құс ауланған. Осыдан шамамен 5 күн бұрын Еуропа арқылы бұлбұл, торғайлардың бәрі мейрамханаларға "бара жатқанын" көрсетті, аулайды. 200-500 құс ұшып бара жатса, Африкаға бар болғаны 20-30 құс жетеді, - деді Щербаков.

Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті
Дональд Трамп соңғы жолдауын жариялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу