«Цой жағына жылан жұмыртқаласын» - Балғынбек Имашев министрді сынға алды

Oinet.kz 20-01-2021 5934

Отандық танымал айтыскер Балғынбек Имашев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға жыр арнады, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ақын Instagram парақшасында жазды. 

Цой мен Балғынбек.jpg

- Қой үстіне бозторғай,

Цой жағына жылан жұмыртқаласын!

Цой жыры

Карантиннің құдірет күші әлдилеп,

Бар әлемнің суылдатқан жүрегін.

Адамдарды ойлайды ма зомби деп,

Екпе салмақ қалдырмастан біреуін.

Қайырмасы:

Цой үстінде қатты күндер, қатты күндер,

Шықпаса екен "наконец!" деп шаттық үндер.

Кім айтады бұл әлемдік қойылымның,

Авторлары нақты кімдер, нақты кімдер?

Вакцинация - боп тұр ажал бесігі,

Біліп алдық Билл Гейтстің ойларын.

ВОЗ дегенің - барлық дерттің есігі,

Орындаушы болмаса екен Цойларың.

Қайырмасы:

Министрлер дәріден жер, маскыдан жер,

Есі дұрыс қалмаған ба жақсы дәргер?

Кім ауырад, кім өледі, қашан өлед,

Шеттерінен бақсы-балгер, бақсы-балгер.

Цой үстінде нақты кімдер, нақты кімдер?

Басқарып тұр әлемдегі БАҚ-ты кімдер?

Жалғандықты жалау етпей журналистер,

Қара қылды қақ тіліңдер, қақ тіліңдер! - деп жырлады ақын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Балғынбек Имаш (@balgynbek_official)

Тоқаев Бердібек Сапарбаевқа маңызды тапсырма берді
Шымкентте «Аңсыз цирк» республикалық бірегей жобасы қолға алынбақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу