Сенат депутаты ақын Қазыбек Исаға қатысты пікір білдірді (видео)

Oinet.kz 21-01-2021 1479

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы журналист, ақын Қазыбек Исаны сынға алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты. 

Мұрат Қазыбек Иса.jpg

- Мен Қазыбек Исамен араласып-құраласқан емеспін. Бірақ журналист ретінде, ақын ретінде танимын. "Қазақ үні" деген газеттің үлкен редакторы екенін білемін. "Ақ жол" партиясының мүшесі екенін білемін. Ол маған бірнеше рет пост жазып. Мысалы, қазақ тілі мемлекеттік тілге байланысты. Мен оған қосылдым. Біздің ол жағына келгенде көзқарасымыз, пікіріміз сәйкес. Қосылдым. Енді оған байланысты бейнежазба таралды. Әртүрлі пікірлер бар. Әртүрлі көзқарастар бар. Енді ол да азамат, ол да журналист. Ол жұмыс уақыты емес. Екіншіден жазба жасағандардың бәрі өздерінің журналистері. Сондықтан да бұл арада журналистердің этикасы қандай болады ол жағын білмеймін. Екінші жағынан, Парламентте жалпы ол кім болсын аудан әкімі болса сол ауданда бірінші тұлға. Ол үйде де, түзде де басқаларға үлгі болу керек. Облыс әкімі ол облыс көлеміндегі тұлға. Егер олар ресторанға келіп, басқа жұмыстан тыс уақытта қораш нәрселер істеп жататын болса ол енді басқа мәселе. Сондықтан, Парламент депутаттары да халықтың алдында жүрген азаматтар. Кез келген депутат жұмыста да, көшеде де, үйде де бірқалыпты болғаны дұрыс - деді Мұрат Бақтиярұлы. 

Жанар Бектаева жаңа қызметке тағайындалды
Түркістан облысының ауруханалары интернетпен толық қамтылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу