Ермахан Ибраимов алаңдағы іс-әрекеті үшін халықтан кешірім сұрады

Oinet.kz 26-01-2021

Сайлау күні қарсаңында Алматы қаласында белсенді Жанболат Мамай бастаған митингшілердің плакатын жыртқан спортшы Ермахан Ибраимов Assyltas TV арнасына берген сұхбатында алаңға шындығында не үшін келгенін түсіндірді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg"Танымал азамат ретінде мен ол жерге барып, олармен (Жанболат Мамай бастаған топпен - автор) конструктивті түрде сөйлесейін дегенмін. Сол мақсатпен келген едім. Жаңағы қоршап тұрған неден… Мен жақындап олармен сөйлесейін десем, олар мені сол моментте бір-екі суретке түсіріп-түсіріп жіберіп, әлеуметтік желілерде «Мінеки, Ермахан, боксшы келді. Боксшы келсе, ол ұруға келді» деп. Көрдіңіз бе адамда қандай психология? Боксшы келсе, ол сөйлесуге келген жоқ, ол ұруға келді деген сондай ой.

Енді боксты білесіз ғой нағыз еркектің спорты. Ұруға келді деп менен қашқақтап, менімен сөйлеспей, балағаттап, громкоговоритель алып алған. Бұл – арандату. Интрига туындатып, соны салып жіберді. Енді шынына келген кезде менің намысыма тиіп кетті. Болмайтын, айтатын сөздерді айтқаннан кейін. Кейін жынданып кеткеннен кейін" - деді боксшы. 

Оның айтуынша, Жанболат Мамай жалған сөйлеген. Яғни Қазақстанды артта қалған мемлекет ретінде көрсетеді. Шындығында Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бері қарыштап дамыған.

"Олар ар-намысыма тиетін сөздер айтты. Содан қолындағы плакатын жұлып алдым да. Плакатқа халықты арандатушы сөздер жазып алған. Мысалы ол деген біз 30 жыл дамып келе жатырмыз. 30 жыл бұрын жағдайымыз қалай еді? Қазір қалай өмір сүріп жатырмыз?" - дейді Олимпиада чемпионы. 

Сұхбат барысында Ермахан Ибраимов алаңда ашуға ерік бергеніне өкініп, халықтан кешірім сұрайтынын айтты. 

"Пікірің дұрыс емес деп әрқайсымен ұрысып жатпаймыз ба? Сын айтып жатса, сөз жоқ онысын қабылдаймыз. Олардың да айтып жатқаны дұрыс шығар. Мен жаңағы барып плакатты жыртпауым керек еді мүмкін. Ашуланбауым керек еді мүмкін. Халыққа қарсы шықпауым керек еді. Оның бәрін жақсы түсінемін. Бірақ дегенмен де, осы сіздердің телеарналарыңыз арқылы халықтың көңілінен шықпай жатсам, бір жерде нұқсан келтірсем, кешірім сұраймын олардан», - деді спортшы.

«Анау Дина Төлепберген жүргізетін бағдарламаны жек көрем» - танымал журналист
Үй-күйсіз қаңғып жүрген Заманбек Нұрқаділовтың қарындасы Мақпал Жүнісовадан көмек сұрайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×