Геннадий Головкин маңызды мәлімдеме жасады
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бұған дейін жұдырықтасқан қарсыластары туралы мәлімдеме жасады деп хабарлайды Sports.kz.
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин рингтегі қарсыластарына қалай қарағаны туралы айтты: чемпион оларды "жеп тастағысы" келгенін мойындады.
- Мен әрдайым қарсыласымды жығып, тіпті оны жойып жіберуді қалап тұратынмын. Кейбір боксшылар айтатындай, шаршы алаңда ойын ойнағым келмеді. Мен олай жұдырықтасуды қаламадым. Мен оны алдыма қойып, "жеп тастағым" келді, – дейді Головкин.