Әлия Назарбаева анасы Сараны туған күнімен ерекше құттықтады (фото)

Oinet.kz 12-02-2021 1889

Бүгін Елбасының жұбайы Сара Алпысқызының туған күні. Еліміздің бірінші ханымының жекеменшік мерекесімен қызы Әлия Назарбаева құттықтады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Сара мен Әлия.jpg

- "Ана - әрбір адам үшін ең бірінші және ең маңызды жан. Ананың жүрегі - сарқылмас шабыт пен қуаныштың қайнар көзі. Аяулы анамыз жанымызда  кезде біз бәріміз бала болып қала береміз. Бүгін біздің отбасымызда мереке! Менің сүйікті анам Сара Алпысқызының мерейтой! Анамды бүгінгі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Анамның білім беру жобаларын жасауға қаншама күш пен уақыт жұмсағанын білеміз, соның арқасында көптеген адамдардың өмірі жақсы жаққа өзгерді. Әйелдің миссиясы - өмірді жақсарту, әлемді махаббат пен жарыққа толтыру.

Анашым бізге берген жылулығыңыз бен даналғыңыз үшін, үнемі назар аударып, қолдау көрсеткеніңіз үшін рақмет.

Сіздерге әрқашан көтеріңкі көңіл-күй мен ұзақ ғұмыр тілеймін!

Сіздердің өмірлеріңізге егілген барлық мейірімділік дәндері бүгінде адамдардың жан дүниесін толтыра берсін.

Сіздің әдемі күлкіңіз біздің жүрегімізді жылыта берсін!

Мерейтойыңыз құтты болсын, сүйіктім!" - деп жазды Әлия Назарбаева. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

Бүгін айтыстың ақтаңгері Жүрсін Ерманның туған күні
Президент өз ұлын вице-премьер етіп тағайындады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу